Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

Қазақстанда әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтату ұсынылды

Kyzylorda-news.kz. Мәжіліс депутаты әскерге шақырылғандардың несиесін уақытша тоқтатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юрий Тимощенконың айтуынша, несиесі болғандықтан әскерге шақырылушылар Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүр.
«Салдарынан сарбаздың несиесі оның жақындарына салмақ болып түседі және сарбаздың психоэмоциялық жай-күйіне ықпал етеді. Сондықтан, әскери қызмет уақытында несие төлемін және өсімін уақытша тоқтатуды ұсынамыз», - деді депутат ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында.
Қазіргі уақытта әскердегі сарбаздардың несиесін ата-анасы төлеуге мәжбүр, төленбеген жағдайда банк өсімпұлы қосылып жатыр.
«Үкіметке әскери қызмет кезінде несиені уақытша тоқтату туралы ұсыным жібердік. Бизнестің бұл ұсынысты қалай қабылдайтынын білмейміз, бірақ мұндай қадамды жасау қажет», - деді Ю. Тимощенко.
25 ақпан 2020 ж. 186 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области