Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әуезбек Дүйсенбаев: Бюджет қаражаты бақылауда

Әуезбек Дүйсенбаев: Бюджет қаражаты бақылауда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік қаржыларының мақсатты жұмсалуын және атқарылуын қадағалап отырады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақта 583 987 қаржылық құжаттар қабылданып, талаптарға сай орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаев мәлімдеді.
«Бюджеттік қаржылардың мақсатты жұмсалуы қадағаланып, олардың атқарылуы және кемшіліктері жөнінде облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктерге ай сайын ресми хат және қателіктері көрсетіле отырып, тиісті ақпараттар жолданады. Сонымен қатар, жаңадан тұрғызылатын құрылыс объектілеріне мемлекеттік сатып алуды қолдау талаптары енгізілді. Қазіргі таңда облысымызда 6 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл дегеніміз болашақта бюджет қаражаттарының өз мақсаттарына жұмсалуына және бақылау жұмыстарының күшейтіле түсетіндігін көрсетеді», - деді Әуезбек Дүйсенбаев.
Сонымен қатар, 2020 жылы департаменттің атқаратын жұмыстарының бірі - ҚР Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатындағы ауылдық округ, ауыл, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің орындалуын қадағалау.
26 ақпан 2020 ж. 263 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области