Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады

Қызылорда қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қала әкімі Н.Нәлібаевтың «Құқық қорғау қызметтері орталығында» ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қоғамдық қабылдауы таңғы сағат 09.00-ден басталып, 14.00-ге дейін жалғасты.
Естеріңізге сала кетейік, әр айдың соңғы бейсенбісі күні осы орталықта қала әкімі тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастырып келеді.
Бұл қабылдауға 200-ге жуық қала тұрғындары келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді.
Қала әкімі әр тұрғынның мәселелерін жеке тыңдап, әр мәселе бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырма берді. Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігінің мәселелері дер кезінде шешімін тапты.
Жалпы, қала әкімі Н.Нәлібаев 2019 жылы 5 мыңға жуық қала тұрғындарын қабылдаса, биыл жыл басынан бері 3 рет 500-ден аса қала тұрғындарын қабылдады.
Айта кету керек, қала әкімі жыл көлемінде осы орталықта әр айдың соңғы бейсенбісі күні өтетін қоғамдық қабылдаулардан бөлек, апта сайын бекітілген кестеге сәйкес және күнделікті қажеттілігіне қарай қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып келеді.
Мұнымен қоса, «Ашық әкімдік» жобасы аясында қалаға қарасты 9 кент, ауылдық округтер мен қаланың басқа да аумақтарында қабылдаулар тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

28 ақпан 2020 ж. 183 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области