Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 3 наурыз: Атаулы күндер оқиғалар

3 наурыз: Атаулы күндер оқиғалар

Дүниежүзілік жазушылар күні
Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімі негізінде атап өтіледі. Клуб 1921 жылы құрылған. Ұйымның атауы ағылшынның poets - ақындар, essayists - очеркшілер, novelists - романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар, pen сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қалам» деген мағынаны білдіреді. Идеяның авторы - ағылшын жазушысы Кэтрин Эми Доусон-Скотт. Бүгінгі таңда олар әлемнің 130 елінде, оның ішінде Қазақстанда да бар.

Халықаралық балалар телевидениесі мен радиохабар тарату күні
1991 жылы ЮНИСЕФ енгізген. Алғашқыда желтоқсанда атап өтіліп, 2009 жылдан бері наурыздың бірінші жексенбісінде тойланады. Мерекенің басты мақсаты - бүкіл әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын балалар тақырыбына көңіл бөлуге ынталандыру.

1990 жылы «Молодая гвардия» журналында Сәкен Жүнісовтің (1934-2006) «Тропа» атты повесі басылып шығарылды. Бұл жазушы В.Солоухин тәржімалауымен жазылған «Заманай мен Аманай» дастанының аудармасы.

1993 жылы Орталық Азияның бес мемлекеті (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан) Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын құрды.
03 наурыз 2020 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области