Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 26 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

26 қаңтар: Атаулы күндер мен оқиғалар

Кеденшілердің халықаралық күні
1983 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мерекені бүкіл әлемде 800 мың адам тойлайды. 1950 жылғы желтоқсанның 15-інде Кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенцияның негізінде Бүкіләлемдік кеден ұйымы (WCO) құрылды. Бүгінде ұйымға 162 мемлекет мүше.

Дүниежүзілік экологиялық білім беру күні
Қазіргі таңда әлемде экологиялық білім беру мәселесінің өзекті болып отырғаны соншалық, Дүниежүзілік экологиялық білім беру күні жылына бірнеше рет атап өтіледі. Экологиялық білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресс бұл күнді 14 қазанда атап өтуді ұсынса, көптеген басқа экологиялық ұйымдар оны 26 қаңтарда атап өтеді. Экологиялық білім беруді дамытудың басты қозғалтқыш күші - БҰҰ-ның қоршаған орта проблемаларына арналған конференциясы кезінде қабылданған Стокгольм декларациясы.

Халықаралық интернетсіз күн
Бұл мерекенің тарихы 2000 жылдардың басынан бастау алды. Жыл сайын қаңтардың соңғы жексенбісінде аталып өтіледі. Мерекенің басты мақсаты - адамдарды компьютерлер мен жаһандық желіден бір күнге болсын ажырату. Олардың бір күнді «шынайы» өмірде күн кешіп, бір-бірімен сөйлесуіне немесе сүйікті істерімен айналысуларына мүмкіндік тудыру.

1981 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Сәулетшілері - О.Баймырзаев, А.Қайнарбаев, М.Жақсылықов (жоба авторлары 1982 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды).

1992 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Жапония арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хат алмасу рәсімі өтті.

1996 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы ресми өтінім жасады. Осы жылдың ақпан айында Қазақстан ДСҰ-ның бақылаушы елі деген мәртебесіне ие болды.
26 қаңтар 2020 ж. 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области