ЭКОЛОГИЯ — БҮКІЛ ӘЛЕМ ТАҒДЫРЫ

Экологиялық ақпарат барысында Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бас маманы Д. Ағыбаева сөз сөйлеп, «Елбасымыз Н.Назарбаев 2030 жылға дейінгі бағдарламасында «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» деп қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән бергені туралы және бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіләлемдік мәселеге айналды» деп атап көрсетті. Табиғаттың тылсым тіршілігі туралы сұрақтарға оқырмандар белсене араласып, мақал-мәтел, жұмбақтар шешті. Шара барысында оқырмандар экологиялық мәселелерді қамтитын «Табиғат – тұнған асыл қазына» атты кітап көрмемен танысты.
