Қазақстанда 2020 жылы 23 мың пәтер салу жоспарлануда

«Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру жөніндегі басымдықтарды белгіледі.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұру жайлылығын арттыру– мемлекеттің тұрақты және маңызды міндеттерінің бірі.
Азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру үшін 2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Бағдарламаның басты ерекшелігі мен мақсаты- мемлекеттің тұрғын үй құрылысына барынша аз қатысуы және нарықтық механизм дамуы үшін жасалуы тиіс. Бұған жеке инвестициялар мен халықтың жинақтарын тарту есебінен қол жеткізіледі.
2019 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар 17%- ға артып, 1 трлн. 423,1 млрд. теңге.
Инвестициялардың айтарлықтай көлемі "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша рекордтық 13,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді тапсыруға және республиканың тұрғын үй қорын 115,8 мың тұрғын үйге жаңартуға мүмкіндік берді. Бұл 43,4 мың жеке үй және 72,4 мың пәтер көп пәтерлі үйлерде.
Ең көп тұрғын үй мегаполистерде (Нұр-сұлтан Қ. -1,8 млн. шаршы метр, Алматы қ. -2,1 млн. шаршы метр), Маңғыстау (1,2 млн. шаршы метр) және Ақтөбе (1,0 млн. шаршы метр) облыстарында салынды.
Ал, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында аумақтарда жеке құрылыс салу басым.
Жалпы алғанда жылдық жоспарға басқа өңірлерде құрылыс қарқынын арттыру есебінен қол жеткізілді.
Азаматтардың тұрғын үй мәселелері мемлекеттің басым міндеті. Қолданыстағы бағдарламалардың тетіктері арқылы табыстың түрлі деңгейі бар барлық қазақстандықтар үшін тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз етіледі.
Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін 30 шаршы метрге дейін арттыру шеңберінде 2030 жылға қарай жаңа тұрғын үйді іске қосу көлемін жыл сайын 8-10%- ға арттыру жоспарлануда.
