Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық зияткерлер спорттық челленджге қолдау көрсетті

Қызылордалық зияткерлер спорттық челленджге қолдау көрсетті

Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары төтенше жағдай режимі кезінде үйде спортпен шұғылдануға шақырады.
Қызылордалық зияткерлер ата-аналарымен бірге отбасылық эстафеталар, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматтан кішігірім турнирлер ұйымдастыру арқылы күнделікті өмірлерін ерекше өткізуге тырысады.
«Коронавирустық пандемия кезінде отбасымызбен бірге өз қауіпсіздігіміз үшін үйден шықпауға тырысамыз. Әр күнімізді көңілді әрі пайдалы өткізу мақсатында ең үлкен бөлмені спорт залға арнадық. Өз қолымызбен үстел теннисін құрастырып, бүгінде бұл отбасымыздың барлық мүшелерінің сүйікті ісіне айналып отыр», - дейді ата-аналардың бірі Кенже Ажмолда.
Мұндай әрекеттерімен мектеп белсенділері барлық қазақстандықтарды спорттық челленджге қолдау көрсетіп, бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырады.
Айта укету керек, алғашқы болып жаңа спорттық марафонды мәдениет және спорт министрлігі бастаған болатын. Бүгінде оның ауқымы кеңейіп, үйде бос отырмай, спортпен айналысуды қалайтындар саны артуда.
26 наурыз 2020 ж. 236 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области