Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалықтар үшін «Сыр мәдениеті» каналы ашылды

Қызылордалықтар үшін «Сыр мәдениеті» каналы ашылды

Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысының мәдениет және өнер саласы халыққа мәдени қызмет көрсетуді онлайн түрде жүзеге асыруда. Осы мақсатта «Сыр мәдениеті» каналы ашылды.
«Әрбір өнер иесінің өз тыңдаушысы, әрбір адамның мәдениетке деген өзіндік қызығушылығы бар екенін білеміз. Осыған сәйкес, мәдени қызмет ауқымын кеңейту және қолжетімділікті арттыру мақсатында, әлеуметтік желілерге тіркелмеген тұрғындар үшін және ата-әжелеріміз үшін «YouTube» бейнематериалдар желісінде «Сыр мәдениеті» каналы ашылғандығын хабарлаймыз.
Канал арқылы Сіз облыстың мәдениет, өнер және архив саласы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды, онлайн экскурсияларды тамашалап, онлайн концерт тыңдай аласыз. Каналдағы бейнематериалдар күн сайын толықтырылып отырады», – делінген облыстық Мәдениет басқармасы таратқан ақпаратта.
31 наурыз 2020 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области