Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бейбіткүл Кәрімова: «Президент тапсырмасы – қысылтаяң кезеңде еліміз үшін өте қажетті шаралар»

Бейбіткүл Кәрімова: «Президент тапсырмасы – қысылтаяң кезеңде еліміз үшін өте қажетті шаралар»

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы елімізді дүрбелеңге салған коронавирус індетіне байланысты Қазақстан халқына мәлімдеме жасады. Президент өз мәлімдемесінде халқымыздың көкейіндегі сан қырлы сұрақтарға жауап берді.
Елімізге төнген қиын кезеңде елді бірлік пен ауызбіршілікке шақыра отырып, мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетілетінін нақтылады. Оған Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біз, мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз» - деген сөзі айқын дәлел.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы әлеуметтік сала бойынша көрсетілетін көмектер мен үстемақылар жайында ашып айтты. Бұл әрине, қазіргі қысылтаяң кезеңде еліміз үшін қажетті шаралар екендігі анық. Бір-бірімізге көрсеткен қолдауымыз бен ауызбіршілігіміздің арқасында қазақ елі бұл ауыр індетті де жеңіп шығары сөзсіз. Біріккен елдің алмас қамалы жоқ, бұл кезең де артта қалатынына сенеміз.
Әрдайым бірлікте болып, сақтық шараларын қатаң ұстанайық!

Бейбіткүл КӘРІМОВА,
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры

01 сәуір 2020 ж. 375 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области