Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай кезінде несиелік берешекті онлайн қалай шегеруге болады?

Төтенше жағдай кезінде несиелік берешекті онлайн қалай шегеруге болады?

Kyzylorda-news.kz. Несиелік берешекті қалай шегертуге болады? Көпшіліктің көкейіндегі сауалға Ұлттық банк жауап берді. Ведомство кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға онлайн өтініш беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Вирус тұтастай экономиканы алқымынан алды. Бірталай азамат жұмыссыз қалып, көптеген кәсіпкер кірістен айырылып, шаш етек шығынға батқан. Сондықтан әлеуметтік осал топтар мен кәсіпкерлер банк немесе басқа да қаржылық ұйымдар алдындағы қарызын өтеу мерзімін үш айға шегере алады. Ол үшін өтінішті ешбір құжатсыз, онлайн жіберу керек.
Сәйкесінше, айлық төлемді кейінге қалдыру, я қалдырмау туралы шешім 10 күнге дейінгі мерзімде қабылданады. Егер жеке тұлға әлеуметтік осал топқа жатпаса, онда ол өзінің неліктен несиесін төлеуге қауқарсыз екенін жазбаша түрде түсіндіруі тиіс.
Бүгінде 12 мыңнан астам қазақстандықтың және 3 мыңнан астам кәсіпкердің берешегін өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Әрі бұл шара азаматтардың несиелік тарихына еш әсер етпейді.
«Қарыз алушының өтініші еркін нысанда жасалатындығын, кредиттік ұйымның электрондық поштасы, банк, клиент, онлайн жүйесі, интернет ресурсы, мобильдік қосымша, басқа да байланыс құралдары арқылы қашықтан жіберілетіндігін ерекше атап өткеніміз жөн», – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департамент басшысының орынбасары Нұржан Бидайбек.
03 сәуір 2020 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области