Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай: Рамазан айындағы ауызашар рәсімі өткізіледі ме?

Төтенше жағдай: Рамазан айындағы ауызашар рәсімі өткізіледі ме?

Kyzylorda-news.kz. Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізуді ұсынамыз. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
«Сәуір айында біздер үшін маңызды бірқатар діни мейрамдар келе жатыр. Олар: Ораза, православтық және католиктік Пасха, яһудилік Песах және тағы да басқалар. Сөзсіз, олардың барлығы көптеген азаматтар үшін үлкен маңызы бар. Біз дін ұстанушы азаматтарымыздың діни сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруде. Сол үшін көптеген елдер эпидемияға қарсы бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізуде. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараларға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі бұл діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, туыстарымен, жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады, одан да басқа әртүрлі мәдени-көпшілік шаралар болады», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.
Бұл тұрғыда ведомство басшысы ел тұрғындарына түсіністікпен қарауға шақырды
«Сол үшін қазіргідей күрделі уақытта ең басты мәселе – адамның денсаулығы мен амандығы. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте барлық діни және этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режімін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн режімде өткізуге ұсынамыз», - деді Дәурен Абаев.
03 сәуір 2020 ж. 197 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области