Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада пәтерден 2 млн-ға жуық теңгенің затын ұрлағандар ұсталды

Қызылордада пәтерден 2 млн-ға жуық теңгенің затын ұрлағандар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер пәтер ұрыларын құрықтады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жылдың басында облыс орталығында сағат 18:00 шамасында белгісіз адамдар Қызылорда қаласының тұрғынының үйіне пластик терезесі арқылы кіріп, компьютерлік техникалар мен қымбат тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен.
Жәбірленушіге келтірілген шығын 1 миллион 870 мың теңгені құрады.
Тез арада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Арал қаласының екі тұрғыны құрықталып, соңғылар кінәларын толығымен мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.
Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚP Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (iрi мөлшерде жасалған ұрлық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда қаласының №2 сотының 11.02.2020жылғы үкімі негізінде айыпталушыларға 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарын шектеу тағайындалып, жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.
Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енді.
06 сәуір 2020 ж. 149 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области