Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық блогер карантинге қарамастан мейрамханада жеке кешін өткізген

Қазақстандық блогер карантинге қарамастан мейрамханада жеке кешін өткізген

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық блогер Айдын Түсіпов карантинге қарамастан Оралға келіп, кеш өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшесі Мәлік Жұмағалиевтің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазғанындай, А.Түсіпов Оралға 4 сәуір күні келіп, кешкісін мейрамханалардың бірінде болған.
Карантин кезінде мейрамханалардың жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан, ол достарымен кальян мен кешкі асқа тапсырыс берген.
Бұл туралы Telegram-каналдың Орал жаңалықтарында жария етілген. Видеода блогер тапсырыс берген уақыттың сағат 22.25 екендігін көрсетеді. Сондай-ақ А.Түсіпов «Орал қарсы алды. Біз үшін мейрамхана ашық, барлық қызметкерлері қызмет көрсетуде» деген жазу қалдырған.
Бір апта бұрын Сочиде болған блогер Инстаграмда Оралға жетуі үшін блокпосттардан қалай өткендігін де жазған.
Осыған байланысты М.Жұмағалиев бұл оқиғаны аяқсыз қалдырмай, кінәлілерді жауапқа тарту керектігін атап өткен.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, қазіргі кезде блогер ұсталды. Төтенше жағдай талабын бұзған ол әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, блогердің достарымен болған орын анықталу үстінде.
06 сәуір 2020 ж. 152 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области