Қазақстандағы 8 банк карточканы онлайн рәсімдеп, үйге әкеп беру қызметін ұсынады
Kyzylorda-news.kz. Сыртқа шығу мүмкін болмай тұрған қазіргі төтенше жағдай уақытында банкке бармай-ақ төлем картасын жасату қызметі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі уақытта банк карталарына қашықтан тапсырыс алып, жеткізу қызметін бірнеше банк ұсынады. Ол үшін сізге белгілі бір банктің клиенті болудың қажет жоқ. Сіз іс жүзінде тіркеліп, карточкалық шот ашқан кезде сол банктің клиенті боласыз.
Карточканы алу үшін осы қызметті ұсынатын сегіз банктің біреуін таңдаңыз. Олар: Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк Forte Bank и АТФБанк. Төменде осы банктерде карточкаларды ашу жөніндегі нұсқаулыққа сілтемелер берілген. Әр банктің шарттарымен танысып алған абзал.
Сондай-ақ, мобильді қосымша арқылы картаға тапсырыс беру - өте ыңғайлы.
Банкті таңдағаннан кейін оның мобильді қосымшасын жүктеп алып, нұсқауларды орындаңыз.
Халық банк: https: //halykbank.kz/bonuscard
Jysan Bank: https://jysanbank.kz/ru/news/dostavka-platezhnykh-kart-jysan-bank.
Eurasian Bank: https://eubank.kz/cards/
Altyn Bank: https://altyn-i.kz/app.html
Банк Хоум Кредит: https://homecredit.kz/landing/homecard/
Сбербанк: https://www.sberbank.kz/ru/debit_cards
Forte Bank: https://bank.forte.kz/cards/qcards-form?card=classic&_ga=2.61381100.1757062620.1586317961-117250584.1585199309
АТФБанк: https://www.atfbank.kz/phys/cards
Банктер карточканы бір-екі күнде дайындап береді.