Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арнаулы әскери жиындарға әйелдер де шақыртылады

Арнаулы әскери жиындарға әйелдер де шақыртылады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев арнаулы әскери жиынға әйелдер қатыса ала ма деген сұраққа жауап берді.
«Бұл жағдайда алда тұрған міндеттерге байланысты әкімдіктер өздері шешім қабылдайды. Менің ойымша, мұнда еш шектеу жоқ. Әкімдіктерге айрықша құзірет пен шешім қабылдау құқығы берілген. Егер сәйкес мамандықтар бойынша қыздар қажет болса, шақыру жібере алады. Яғни, арнаулы әскери жиындарға қажеттілігіне қарай әйелдер де шақыртылады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның айтуынша, республика бойынша 473 әскери міндетті арнаулы жиынға шақырылған.
Айта кетейік, 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.
Қазіргі уақытта Қызылорда облысында арнаулы жиын бөлімшесі құрылды.
10 сәуір 2020 ж. 277 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области