Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Банк картасы мен шотты қашықтан қалай ашуға болады

Банк картасы мен шотты қашықтан қалай ашуға болады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен шоттар және банк карталарын ашу үшін қашықтан қызмет көрсету алгоритмін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында, Агенттік екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп төлем карталарын қашықтан алу алгоритмін жасады.
Мемлекет басшысының елде төтенше жағдай режимінің енгізілуі нәтижесінде табысын жоғалтқан азаматтардың кейбір санаттарына және кәсіпкерлерге материалдық қолдау көрсету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында оларға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
Бұдан басқа, Birgemiz қоры Қазақстанның барынша мұқтаж азаматтарына 50 мың теңгеден бөледі, ол да жеке тұлғаның екінші деңгейдегі банктегі карточкалық немесе ағымдағы шотына аударылады. Бұл төлемдерді есептеу үшін ақша қаражаты аударылатын карточкалық шоттың болуы қажет»,– деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі..
Қазіргі кезде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін банк карталары қашықтан әрі тегін ресімделеді. Он үш екінші деңгейдегі банк, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ бұл қызметті қашықтан көрсетеді.
Ол үшін:
– мобильдік қосымшада (егер болмаса, жүктеу және орнату), не банктің сайтында шот ашу;
– тіркелу және қашықтан сәйкестендіруден өту;
– мобильді телефон нөмірін және ЖСН енгізу;
– жеке куәлікті сканирлеу (сұратқан жағдайда);
– картаның ашылғанын растау үшін SMS кодын енгізу қажет.
Клиентке бірнеше минут ішінде шот нөмірі бар SMS келеді. Кейбір екінші деңгейдегі банктер сондай-ақ картаны жеткізу бойынша қызмет көрсетеді. Орташа алғанда бұл рәсім 1 – 5 күн аралығында жүзеге асырылады. Шұғыл қажеттілік болған кезде кейбір екінші деңгейдегі банктер қолма-қол ақшаны картасыз және комиссияларсыз алу мүмкіндігін енгізді.
Сонымен бірге, клиенттер үшін онлайн сервистердің басқа да қызметтері қолжетімді болады, олар коммуналдық төлемдерді, байланыс қызметтерін төлеу, салым ашу, салықтық және кедендік төлемдерді жүргізу, жалақы аудару, ақша қаражатының жіберілу жолын қадағалау, POS/SMART терминалдар бойынша үзінді-көшірме алу. Барлық операциялар комиссияларсыз жүзеге асырылады.
16 сәуір 2020 ж. 221 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области