Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дәрігер көшеден вирус әкелмеудің жолын айтты

Дәрігер көшеден вирус әкелмеудің жолын айтты

Kyzylorda-news.kz. Көшеден келген соң гигиенаның қарапайым ережелерін сақтаған адамда вирус жұқтыру қаупі азаяды. Бұл туралы ресейлік дәрігер Надежда Фомина сұхбатында айтты, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Дәрігердің айтуынша, үйге кірген бетте хлор құйылған шүберекпен аяқкиімді қолдың көмегінсіз сүртіп шығу керек.
Ол шүберекті қайта-қайта жуудың қажеті жоқ дейді. Тек оның ылғалын сақтап отырған жөн. Хлордың орнына, дәрігердің айтуынша, белизна қолдануға болады.
«Қолданылған медициналық маскаларды бөлек бір пакетке салып қою керек. Ал масканы бірнеше рет пайдалануға болатын жағдайда, оны ыстық сумен жуып, артынша үтіктеп қою қажет. Сырт киімді де бөлек жерге іліп қою қажет. Бірнеше сағатқа балконға қойып қоюға болады», - деп кеңес берді дәрігер.
Сондай-ақ, маман әйел адамдарға сыртқы шыққанда сөмке ұстамауға кеңес береді. Оны кейін дезинфекциялау қиындау болады дейді. Дәрігердің айтуынша, телефон, банк картасын және кілттерді үнемі сүртіп тұрған жөн.
20 сәуір 2020 ж. 218 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области