Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылды
Kyzylorda-news.kz. 2020 жылдың 1 наурызынан бастап коронавируспен күресу жөніндегі іс-шараларға қатысатын медицина қызметкерлері салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылады.
Осылайша, Алматы Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша олар:
– төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы;
– әлеуметтік салық;
– міндетті зейнетақы жарналары;
– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
– әлеуметтік аударымдар;
– ММС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша жарналар төлеуден босатылған.
Бұл шешім үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес қабылданды.