Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада блок-посттардағы полицейлерге психологиялық қолдау көрсетілуде

Қызылордада блок-посттардағы полицейлерге психологиялық қолдау көрсетілуде

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимінде алдыңғы шепте жүрген полиция қызметкерлерін психологиялық тұрғыдан қолдау мәселесі өзекті болып отыр.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметі күйзелістік факторлардың, оған әсер етуші факторлардың әсерімен сипатталады.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ерекше кезеңде өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін орындау барысында күйзеліске түсулері әбден мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің психолог мамандары тиісті қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруда.
«Психолог мамандар блок-бекеттеріне шығу арқылы жеке құрамды «Экстремалды және әр түрлі жағдайларда қызметкердің іс-әрекеті», «Қақтығыс жағдайлардың алдын алу және шешу жолдары» тақырыбындағы әдістемелік құралдармен қамтамасыз етіп, жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру жұмыстарын жүргізді», – деп хабарлады Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек блок-бекеттердегі полицейлерге жеке консультациялық кеңестер берді және релаксациялық «Майнд машина» құрылғысын пайдалана отырып, әр түрлі формадағы күйзеліске қарсы тұра білуге бағытталған терапиялық жұмыстар ұйымдастырды.
24 сәуір 2020 ж. 161 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области