Қызылордада өртенген үйдің тұрғындары екі күн ішінде баспаналы болды

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Төменарық елді мекенінде 27 сәуір күні тұрғын үй толықтай жанып кеткенін хабарлаған едік.
Өрттің шығуына электр жүйесінің тұйықталуы әсер еткен. Аудандық өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтағанымен, тұрғын үй жарамсыз болып қалған. Жалынған оранған үйде барлық мүлік пен құжаттар жанып кеткен.
«Сол үйдің тұрғыны Мырзабек Жиенбаевтың сыныптас достары және ауылдастары екі күннің ішінде алыс-жақындағы ағайыннан 4 млн. теңгеден аса қаржы жинап үлгерді. Жиналған қаржыға елді мекеннен басқа жаңа үй сатып алынды. Қаржының қалғаны отбасының өзге қажеттілігіне жаратылатын болды. Бұл игілікті іске ауыл әкімі Нұркен Қошқарбеков, аудандық мәслихат депутаты Нарымбет Көлжанов және өзге де белсенді азаматтар ұйытқы болды», - деді ауыл тұрғыны, жергілікті журналист Нұрлат Байгенже.