Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жоғалған 4 жасар бала ата-анасына табысталды

Қызылордада жоғалған 4 жасар бала ата-анасына табысталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында полицей төрт жастағы жоғалып кеткен баланы тауып, ата-анасына табыстады.
30 сәуірде Жаңақорған кентінде төрт жастағы бүлдіршін үйінің есік алдында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа шығып, адасып кеткен. Балаларының үйден шығып кеткендігі жөнінде оның ата-аналары мүлдем бейхабар болған.
Осы уақытта кент орталығында қызметтік міндетін атқарып жүрген аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Алмас Абдуллаев пен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция Ержан Айтжанов кент орталығындағы көше бойындағы бір қуыстан кішкентай баланың даусын естиді.
Дереу сол жерге барған полицейлер қараңғы қуыста адасып кеткен бүлдіршінді көреді.
Сұрастыру барысында табылған бүлдіршін ештеңе айта алмаған соң, полиция бөлімінің жеке құрамын құлақтандыру барысында баланың үйін тауып, ата-анасына бүлдіршінді аман-есен табыстады.
Айта кетерлігі, осыдан бірнеше күн бұрын осы екі полиция қызметкері Жаңақорған ауданында өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер азаматты құтқарған болатын.
04 мамыр 2020 ж. 283 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области