Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыдағы су тоспалары мен каналдар аудан әкімінің назарында (ФОТО)

Қармақшыдағы су тоспалары мен каналдар аудан әкімінің назарында (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков аудан аумағындағы орналасқан су тоспалары мен көлдерді және қазіргі таңда су арналары қазылған каналдардың жай-күйімен танысты.
Аудан басшысы Жосалы кентінен 65 км қашықтықта орналасқан «Генерал», «Тоғызқұдық – Әлтай» және «Қашқансу» көлдерінде болып, қазіргі жағдайымен танысты.
Аталған сапар барысында су шаруашылығының мамандары мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен бірге, Мұса Оспанұлы аудан орталығынан 40 км қашықтықта орналасқан «Қожантай» су тоспасына да барды.
«Өзен суын егістік пен шабындықтарды суаруға және суландыруға тиімді пайдалануда көлдер мен каналдардың маңыздылығы жоғары. Осы орайда табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты біздің ауданымыз үшін де су мәселесі үнемі қадағалауда ұстауды қажет етеді. Өзен ағынын реттеуде Сырдария бойындағы су тоспалардың жағдайы мен каналдардың уақытылы тазартылып, шаруашылықтарға су берілуі басты назарда болады», – деп атап өтті аудан әкімі.
Ауданымыздағы егін шаруашылығына қажетті аяқ сулар негізі Қурайлы, Наурызбай, Балажарма, Оңжағалау каналдары арқылы жеткізіледі.
Суармал егістіктегі су мәселелерін шешу мақсатында биылғы жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Қурайлы арнасының 37,7 км аумағы тазартылған болатын.
Бұл өз кезегінде шаруашылықтардағы аяқ су мәселесінің шешілуіне мол мүмкіндік береді.



04 мамыр 2020 ж. 228 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области