Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өзбекстандағы апат: Қызылорда облысына әсері қандай?

Өзбекстандағы апат: Қызылорда облысына әсері қандай?

Kyzylorda-news.kz. Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының жарылуы салдарынан аталған көршілес ел мен Қазақстанның оңтүстік өңіріне үлкен зиян келді. Бұл жағдайдың Қызылорда облысына әсері қандай? Сырдария арқылы келетін су мөлшеріне ықпалы бар ма?, деп жазады «Сыр бойы» газеті.
Осы орайда «Арал-Сырдария» бассейндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыхановтан мән-жайды білген едік. Инспекция басшысы ешқандай алаңдауға негіз жоқ екенін алға тартты.
«Сардоба» – Сырдария өзенінің бойында орналасқан су қоймасы емес. Оған жиналатын судың аздаған мөлшері ғана дариядан алынады. Сондықтан алдағы уақытта біздің облысқа дария арқылы келетін су деңгейі төмендеп кетуі мүмкін деген болжам мүлдем негізсіз. Қазір «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде қажетті су мөлшері жинақталуда. Бүгінде «Шардарада» 4,8 млрд, «Көксарайда» 1,6 млрд текше метр су бар», – деді Ә.Қарлыханов.
Биыл мамандар тарапынан дариядағы су мөлшері төмен болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Бұл бағытта облыста тиісті іс-шаралар қолға алынып отыр.
Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, «Сардоба» су қоймасы 2010-2017 жылдар ара-лығында салынған. Ол 922 миллион текше метр суды сыйдыра алады. Биіктігі – 28,8 метр. Апат су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан басталған. Бөгеттің бұзылуына қатты жел мен нөсер жауын себеп болған. Апаттың салдарынан Өзбекстанның көптеген елді мекендеріне елеулі зиян келген. Мұндай жағдай еліміздің Түркістан облысындағы Мақтарал ауданына қарасты 10-нан астам ауылында да орын алды. Көптеген тұрғын үйлер су астында қалды. Егістіктерді де су басып, төрт түліктен де шығын келді.
05 мамыр 2020 ж. 226 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области