Соғыс ардагерлерінің бәріне Президент атынан сый тапсырылады
Kyzylorda-news.kz. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін 9 мамыр күні Жеңіс мерекесімен қалай құттықтау жоспарланып отыр? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жауап берді.«Жергілікті атқарушы органдар карантин шараларын барынша қатаң сақтап, жұмыс жүргізеді. 9 мамыр мерекесінің маңызы зор. Осыған байланысты Мемлекет басшысының атынан соғыс ардагерлерінің бәріне мерекелік медальдар мен құттықтау сыйы тапсырылады. Сонымен қатар ардагерлерге азық-түлік кәрзеңкесі де сыйға беріледі», - деді Ерлан Әукенов тілшілердің сұрағына берген жауабында.

























