Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздегі блок-бекеттерде тұрған әскерилердің қызметі аяқталды

Еліміздегі блок-бекеттерде тұрған әскерилердің қызметі аяқталды

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезінде тартылған әскерилер мен техника өздерінің бөлімдеріне оралады.
«Қазақстанда төтенше жағдай режимі ресми түрде аяқталды. Осыған байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің блокбекеттерінде күшейту, елді мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу бойынша кезекшілікке тартылған жеке құрамы мен әскери техника өздерінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралады. Пункттеріне жеткізу әскери-көлік авиациясының күштерімен, сондай-ақ өз жүрістерімен жүзеге асырылады», – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін бұрын бекітілген мерзімдерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес орындауды жалғастырады.
Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүргізіп, блок-бекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.
12 мамыр 2020 ж. 187 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области