COVID-19: Жаңақорған ауданындағы барлық науқас жазылып шықты
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 181 адамға жетті.
13 мамыр 14:45-тегі мәлімет бойынша Қызылорда облысында тағы 1 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқас – Жаңақорған ауданының тұрғыны.
Ерекше атап өтерлігі – Жаңақорған ауданындағы осы індетке шалдыққан 31 науқастың барлығы жазылып, үйлеріне шықты.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 181 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.