Қызылорда облысының үздік еріктілері марапатталды (ФОТО)
Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы 2020 жылды – Волонтерлер жылы деп жариялағаны белгілі. Еліміздегі Төтенше жағдай кезінде Қызылорда облысында полицейлердің таптырмас көмекшілері болған еріктілер жақында арнайы марапатталды.
Сыр өңірінде еріктілер қауымы полиция қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізу үшін блок-посттарға жиі барды. Түрлі рейдтік іс-шараларға қатысып, қоғамдық тәртіпті сақтауға жәрдемдесті.
Міне, осындай волонтерлерге Қызылорда облысының Полиция департаментінде белсенді азаматтық ұстанымдары мен ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті сақтауға және өңірдің төтенше жағдайлар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмек көрсеткен көмектері үшін ерекше көзге түскен еріктілерге ІІМ министрі атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Атап айтқанда, министрдің марапатына қызылордалық еріктілердің арасынан Ольга Чебакова, Олег Шакиев, Татьяна Косарева, Айсұлу Ерсайын, Салтанат Сауапова, Наталья Зорило, Гүлім Мүңке ие болды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы барлық іріктілерге белсенді азаматтық ұстанымдары, патриотизм және адамның қоғам өміріне саналы қатысуы үшін алғыс білдірді.