Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 18 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

18 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық музейлер күні
1977 жылдан бастап жыл сайын әлемнің 150-ден астам елінде аталып өтеді. Осы күні барлық музейлерде ашық есік күні өтеді. Қазақстанда 224 музей бар.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы вакциналау күні

1997 жылы 18 мамырда АҚШ президенті Билл Клинтон Балтимордағы Морган мемлекеттік университетінің түлектері алдында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ғылым мен технология дәуірінде жаңа мақсаттар қоюға шақырды. Осы мақсаттардың ішінде ол ЖИТС-ке қарсы екпе жасауды атап, АИТВ-ға қарсы тиімді екпенің ЖИТС-ті жоя алатынын мәлім етті. Алғаш рет Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы екпе күні бір жылдан кейін, 1998 жылы аталып өтілді.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапарымен барды. Сапар барысында Елбасы АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Мемлекет хатшысы Дж.Бейкермен, қорғаныс министрі Р.Чейнимен, қаржы министрі Н.Брейдимен, ауыл шаруашылығы министрі Э.Мэндиганмен, орталық барлау басқармасының директоры Р.Гейтспен, сенаторлармен, «Шеврон» корпорациясының төрағасы К.Деррмен кездесулер өткізді.

1996 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Халық жазушысы» куәлігін және төсбелгісін табыс етті.

2012 жылы ҚР Ұлттық банкі дизайны өзгертілген 10 000 теңгелік банкнотаның айналымға шығарылғанын хабарлады.
18 мамыр 2020 ж. 200 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области