17 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар
Бұл күн 1865 жылғы 17 мамырда алғашқы Халықаралық телеграф келісіміне қол қою жөніндегі келіссөздердің сәтті аяқталуына, сондай-ақ 1932 жылдан кейін Халықаралық электр байланысы одағына айналған Халықаралық телеграф одағының құрылуына орай таңдалды.
Дүниежүзілік гипертонияға қарсы күрес күні
Жыл сайын Дүниежүзілік гипертонияға қарсы күрес лигасының бастамасымен аталып өтіледі. Оның басты міндеті -жүрек-қан тамырлары жүйесінің кең таралған ауруларының бірі туралы ақпарат таратуға ықпал ету. Ол алғаш рет 2005 жылдың 14 мамырында болған еді, ал 2006 жылдан бастап 17 мамырда аталып өтіледі.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу туралы Жарлығы жарық көрді.
1992 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америкаға алғаш рет ресми сапармен барып, соның барысында Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу міндеттемелеріне қол қойды. 1992 жылдың 19 мамырында АҚШ және Қазақстан президенттерінің алғашқы кездесуі өтті.
2013 жылы «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары ғарыш зымырандарын ұшырылғаннан кейін қоршаған орта объектілерінде зымыран отынының уытты компоненттерін анықтаудың бірегей әдісін жасап, патенттеді. Оны жасауға мүмкіндік берген ғылыми-зерттеу базасы зымырандарды ұшыру мониторингі тікелей жүргізілетін Байқоңыр мен Жезқазғандағы зертханаларды, сондай-ақ мобильді жылжымалы зертханаларды қамтиды.