Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 30 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

30 мамыр: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1953 жылы «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Брусиловский жазған, режиссері - Қ.Байсейітов. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтмотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр. Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған.

1995 жылы тараздық хореограф, биші Ғаби Исмаиловтың «Модерн-Балеті» құрылды. Ғ.Исмаиловтың шеберханасында әртүрлі жастағы тәрбиеленушілер - балалар да, ересектер де балет өнеріне үйренеді.

2000 жылы Алматыда Республика сарайында «Дәстүрлер сыйлығы» фестивалі аясында Арал теңізі проблемасына арналған «Тақыр» алғашқы қазақ рок-опера-балетінің премьерасы өтті.

2014 жылы Елордада Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының бірінші Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке мүсіндік-ескерткіш орнатылды.
30 мамыр 2020 ж. 189 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области