Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі құрылады

Қазақстанда халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі құрылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі құрылады. Бұған қатысты тиісті заң жобасы бүгін Парламент Мәжілісінің қабырғасында таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, транзиттік тасымалды қадағалау бойынша Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау мақсатында әзірленді. Заң жобасы арқылы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске, сонымен бірге Көлік құралдары туралы заңға өзгерістер енгізуді көздеп, халықаралық тасымалдарды қадағалаудың ақпараттық жүйесі, навигациялық пломбалар секілді түсінікті енгізуді қарастырады», - деді заң жобасын таныстырған депутат Павел Казанцев.
Сонымен қатар заң жобасы ҚР Үкіметіне халықаралық тасымалдарды қадағалап отыру жүйесінің ұлттық операторын айқындау бойынша құзыреттілік беруді, халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану бөлігінде тасымалдаушыларға қойылатын талаптарды белгілеуді, электрондық сәйкестендіргіштерді қасақана бүлдіргені немесе жойғаны үшін әкімшілік жауаптылықты енгізуді көздейді.
Сонымен қатар, заң жобасында электрондық сәйкестендіргіштерді пайдалану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның бекітуі ұсынылады.
20 мамыр 2020 ж. 177 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области