Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиелі ауданында арнаулы әскери жиынға алынған азаматтар марапатталды

Шиелі ауданында арнаулы әскери жиынға алынған азаматтар марапатталды

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, ауданымызда төтенше жағдай кезіндегі тиісті шараларды жүзеге асыру үшін АҚІЖБ-не 60-қа жуық азамат өтініш білдірген. Олардың қатарынан әскери борышын өтеген 24 ерікті әсери міндеттілер іріктеліп алынды.
Арнайы әскери жасаққа алынған азаматтар халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету үшін Шиелі кентінің көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысты.
Арнайы жиынға негізінен 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар алынып, мемлекет есебінен 42 500 теңгеден төленді.
Арнайы жасақталған сарбаздар қажетті киіммен, уақытылы 3 мезгіл ыстық тамақпен және медициналық медициналық бетперде, қолғаппен, антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілді.
Олар төтенше жағдай кезеңінде бастарын қатерге тіге жүріп 2020 жылғы 21 сәуірден 20 мамырға дейін 1 ай көлемінде құрметке лайық қызмет етті.
Осыған орай, аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлы аға ұрпақтың ерлік эстафетасын абыроймен жалғастырып, аудан көлеміндегі төтенше жағдайға сәйкес тиісті шараларды жоғары дәрежеде атқарған 24 сарбазға және Қызылорда облысының Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ерекше алғысын білдіріп айтып, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

22 мамыр 2020 ж. 203 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области