Қазақстанда балабақшалар жұмысын бастайды
Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 1 маусымнан бастап балабақшалар қайтадан ашылады.
Бірақ кейбір талаптар сақталып, шектеулер қойылады.
Халық пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, елде шектеу шараларын азайту туралы қосымша шешімдер қабылданды.
2020 жылдың 1 маусымынан бастап мектепке дейінгі мекемелердің, қосымша білім беру ұйымдарының (топта 15 адамнан аспайтын), ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың жұмысы қайта жанданады.
Бірқатар өндіріс пен объектілердің қайта жандана бастағанын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия қазақстандықтардың назарын профилактикалық шараларды - маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, байланыстарды азайту қажеттілігіне аударды.
Айта кетейік, бұған дейін фитнес және SPA орталықтары 1 маусымнан бастап жұмысын бастайтындығы туралы хабарлаған болатынбыз.