Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда халықаралық рейстер кезең-кезеңімен ашылады: Рұқсат берілген мемлекеттер тізімі

Қазақстанда халықаралық рейстер кезең-кезеңімен ашылады: Рұқсат берілген мемлекеттер тізімі

Kyzylorda-news.kz. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халықаралық әуе рейстерінің қалай жанданатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Коронавирус инфекциясын таратпау туралы Ведомствоаралық комиссия жақында ғана жиналыс өткізіп, 1 маусымнан бастап, үш мемлекетке әуе рейстерін жандандыру мәселелерін қарастыруға рұқсат берді. Олар – Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжан. Неге бұл елдер таңдалып алынды? Біріншіден, COVID-19 бойынша ондағы ахуалға баға берілді. COVID-19 бойынша халықаралық рейтинг бар және аталған үш мемлекет барынша қауіпсіз елдер қатарында», – деп түсіндірді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.
Оның айтуынша, екінші кезеңде Германия, БАӘ, Чехия мен Тайландқа рейс жандандыру қарастырылады.
«Польша мен Мажарстанға да рұқсат алып қалуымыз мүмкін. Өйткені, онда да қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай жоғары. Екінші кезең шамамен 15 маусымнан кейін қолға алынады. Шетелдегі әріптестеріммен үнемі байланыста отырамын. Түркияның көлік министрімен сөйлескенімде, олардың Анталияға рейс ашуға мүдделі екенін, 20 маусымды арнайы белгілеп отырғандарын айтты. Бұл жұмыстарды әлі де пысықтаймыз», – деді Б. Атамқұлов.
02 маусым 2020 ж. 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области