Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жазасын өтеуші өзге ұлт өкілдері арасында сайыс өтті

Қызылордада жазасын өтеуші өзге ұлт өкілдері арасында сайыс өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде бас бостандығынан айырылғандар арасында «Мен қазақша сөйлеймін» атты сайыс өтті.
Аталған мекемеде сотталғандарды түзу жолға салып, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру үшін, тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімі үнемі тәрбиелік мәні бар шараларды ұйымдастырып келеді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған шараға өзге ұлт өкілдері қатысып, бақ сынады.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Қатысушылар алғашқы кезеңде өздерін қазақ тілінде таныстырып өтті. Сотталғандардың сайысқа бар ынта жігерімен дайындалғанын таныстыру кезеңінен-ақ байқауға болады.
Сайытың екінші кезеңінде қатысушылар мақал-мәтел айтып жарысты. Мақал-мәтелді мүдірмей айтқан тәжік ұлтының азаматы қазылар алқасын таңғалдырды. Қатысушылар соңғы кезеңде ұлы ақын Абайдың қара сөздерін жатқа оқыды.
Сайыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, жарыс көркін қыздыра түсті.
Қазылар алқасының шешімімен сайыста мақал-мәтелді мүдірмей айтқан тәжік ұлтының азаматы І орынды жеңіп алды. Ал ІІ және ІІІ орынды кәріс пен ұйғыр ұлтының азаматтары қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар Алғыс хатпен марапатталды.
03 маусым 2020 ж. 278 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области