Қызылордада коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 270-ке жетті
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгінгі күнге коронавирус індетінен тағы 2 науқас емделіп шықты. Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Індетті жеңген 2 науқас та Кызылорда қаласының тұрғындары. Олар 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны - 270.
(Кызылорда қаласы - 116, Арал ауданы – 8, Қазалы ауданы – 8, Қармақшы ауданы – 6, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 68, Жанакорған ауданы – 35 және өзге мемлекеттер мен өңірлердің азаматы – 3 (Алматы қаласы – 2, Ресей федерациясы – 1).