Қызылордада коронавирус инфекциясынан тағы 3 науқас айықты
Kyzylorda-news.kz. 21 мамыр күні 13:00 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 3 науқас емделіп шықты.
Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар "Covid-19" вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.
Індетті жеңген, 3 науқас та Қызылорда қаласының тұрғыны.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны - 219.
(Кызылорда қаласы - 80, Арал ауданы – 6, Қазалы ауданы – 3, Қармақшы ауданы – 5, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 66, Жанакорған ауданы – 31 және өзге мемлекеттер мен өңірлердің азаматы – 2 (Алматы қаласы – 1, Ресей федерациясы – 1).