Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2022 жылға дейін қазақстандықтардың 97%-і интернетпен қамтылады

2022 жылға дейін қазақстандықтардың 97%-і интернетпен қамтылады

Kyzylorda-news.kz. Мәжіліс депутаттары ауылдарды сапалы интернетпен қамту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Депутат Майра Айсинаның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 117 қала мен тұрғындар саны 250 және одан да көп 3 324 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылған.
«Екі мыңға жуық ауылда мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан парламент депутаттары осы мәселені көтеріп отыр. Заң жобасындағы нормаларды жүзеге асырудың арқасында екі жылдың ішінде қазақстандықтардың 97%-і интернетпен қамтылады», - деді депутат.
Айсина заң жобасына сәйкес, мобильдік желіге арналған антенналық-мачталық құрылыс жер учаскелерін алу процедурасын жеңілдету қарастырылып отырғанын айтты.
Қолданыстағы заң жобасы бойынша жалға алынған жер учаскесін пайдаланудың нысаналы мақсатын өзгерту керек. Демек, жерді жеке немесе ауыл шаруашылығы учаскесі айналымынан шығару қажет. Салдарынан телекоммуникациялық құрылғыны салу ісі екі жылға дейін созылады.
Депутаттардың Жер кодексіне енгізген түзетулері байланыс операторының антенналық-мачталық құрылысын жүзеге асыру процесін жеңілдетеді. Бұл үшін жалға алынған жерді пайдаланудың нысаналы мақсатын өзгерту қажет болмайды.
Сондай-ақ, мобильді байланыс желісі құрылысы бойынша әкімдіктердің өкілеттігіне байланысты толықтыру енгізіледі. Өйткені көп жағдайда тұрғын үйлердегі базалық ұялы байланыс станцияларын монтаждауға иелері келісім бермейді. Заң жобасында қарастырылған толықтыруларға сәйкес әкімдіктер осы мәселені шешетін болады.

06 маусым 2020 ж. 137 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области