Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

9 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық достар күні
Қай кезде де барлық халық достықты үлкен әлеуметтік және адамгершілік құндылық деп таныса да, «шынайы достық» өте сирек кездеседі деп санаған. Халықаралық достар күні өмірдегі әртүрлі қиын-қыстау жағдайларға қарамастан досымыздың қаншалықты қымбат екенін айта отырып, оларды қуанту үшін ойлап табылған күн.

Дүниежүзілік аккредитация күні
2008 жылғы маусымның 9-да бекітілді. Халықаралық Аккредитация Форумы (IAF, International Accreditation Forum) мен Халықаралық аккредитация ынтымақтастығы зертханасының (ILAC, International Laboratory Accreditation Cooperation) ортақ шешімімен жаһандық бастамаға айналды.

Халықаралық архив күні
2007 жылы қарашада Квебекте (Канада) Бас ассамблеяда Халықаралық архив кеңесі (МСА, International Council on Archives, ICA) құрылды.

1995 жылы Халықаралық «Дидар - Қазақстан» журналының бірінші нөмірі жарық көрді.

1998 жылы Астанада Қырғызстан Республикасының Елшілігі ашылды.

2003 жылы Астанада Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының отырысы өтті.

2004 жылы «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

2005 жылы Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты жаңа кітабының таныстырылымы болып өтті.
09 маусым 2020 ж. 186 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области