Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жүк көліктерінің қозғалысына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылордада жүк көліктерінің қозғалысына қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Kyzylorda-news.kz. ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен онлайн режимінде департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов пен Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Гүлмира Пірназарова «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде жасалып жатқан шаралар бойынша тікелей эфир өткізді.
Тікелей эфир барысында Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының негізгі функцияларының бірі-автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету және отандық және шетелдік автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдауды бақылаудың тиімділігін арттыру бойынша сөз козғалды.
Автомобиль жолдары желісінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың бірі – бұл сегіз тоннадан астам жекебілікке түсетін жүктеме мен автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеулер енгізу.
Автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында енгізілгенін ескеру қажет.
Жазғы кезеңде ауа температурасы 25С жоғары болған жағдайда автокөлік құралдарының қозғалысын сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін шектеу енгізіледі. Қызылорда облысының климаттық жағдайын ескере отырып, бұл шектеу 1 маусымнан 31 тамызға дейін енгізіледі.
Егер жүк автокөлік құралының салмақтық параметрлері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы бұйрығы мен белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерінен аспайтын болса, жазғы уақытша шектеулер кезеңінде жүк автокөлік құралының қозғалысы сағат 10-00-ден 22-00-ге дейін тоқтатылады.
Бұл шектеу төтенше жағдайларды жою мен айналысатын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді, тамақ өнімдерін тасымалдауды, жолаушылар мен багажды тасымалдауды, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автомашиналарға қолданылмайды.
Кездесу соңында департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов көрермендер тарапынан қойылған біршама сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта ANTIKOR.LIVE жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табатындығын атап өтті.
09 маусым 2020 ж. 260 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области