Қызылордада қалалық паркіндегі кафеде оқушылар даяшы қызметін атқарған
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» шарасы аясында«Түнгі қаладағы балалар» рейд жұмыстары биыл да жалғасын тапты.
Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің инспекторларымен және өзге де тиісті сала мамандарымен бірге аталған шараға атсалысуда.
Аталған шара барысында қалалық демалыс паркінің кафесінде бірқатар факт анықталып отыр. Мұнда кәмелетке толмаған мектеп оқушылары даяшы қызметін атқарғаны анықталды.
«Заң мен талап ортақ. Қазіргі таңда анықталған дерек бойынша ойын-сауық мекемелерінің меңгерушілеріне, кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына ҚР Еңбек кодексінің баптары мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 86, 87-баптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.