Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: ЗК-169/1 мекемесінде 3 мыңнан аса кітап қоры бар

Қызылорда: ЗК-169/1 мекемесінде 3 мыңнан аса кітап қоры бар

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы ЗК-169/1 мекемесінің ғимаратында орналасқан кітапханада 3 мыңнан аса кітап қоры бар.
Кітапхана қоры жылына екі рет жаңа кітаптармен толықтырылып, жаңартылып тұрады. Жақында ғана Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханадан 500 кітап әкелінді. Бұл кітаптарды қалалық орталықтандырылған кітапхананың директоры Сая Есімқұлова мен кітап қорын өңдеу және толықтыру бөлімінің кітапханашысы Айгүл Жаманаева сұрыптап берген болатын.
Мекеме кітапханашысы Айдос Әбдіқалықов рухани олжа үшін кітапхана басшылығына алғысын білдірді.
«Әкелінген кітаптардың ішінде жазушы Мұхтар Әуезовтың 11 томдық шығармалар жинағы бар. Сонымен қатар бұл кітаптар арасында детектив жанрында жазылған кітаптардың болуы бізді қуантты», - дейді кітапханашы Айдос Әбдіқалықов.
Кітапханашының айтуынша, бас бостандығынан айырылғандардың басым бөлігінің детектив жанры мен газет-журналдарға деген сұранысы жоғары. Мекеме аумағында шаруашылық бөліміне жұмысқа қалдырылғандар, өздерінің сұранысы бойынша, еңбек жалақысы негізінде республика көлемінде шығатын газет-журналдарға жазылған.
«Жабық мекемеде жатқандар жаһан жаңалықтарынан бейхабар емес. Олар қоғамнан шектелгенмен, еліміздің тыныс-тіршілігімен осы кітапханада түптеліп, жинақталған газет-журналдарды оқу арқылы танып-біліп отырады», - дейді Айдос Әбдіқалықов.

11 маусым 2020 ж. 193 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области