Қызылордадағы орталық полигонның қоршаған ортаға зияны көп

Іс-шараға қалалық маслихат депутаттары, қала әкімшілігі, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қызметкерлері, эколог жазушы С.Жұбатырұлы, «ЭкоҚамқорБолашақ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы И.Мұсабаев, экомәдениет және қоғам белсенділері Б.Нұрхожаев, А.Шалғынбаева, К.Бектұрғанов қатысты.
Жиын барысында облыс бойынша экология департаментінің басшысы М.Құрманбаев сала бойынша қордаланған өзекті мәселелер мен оларды шешу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар орталық полигонның қоршаған ортаға зиянды әсері, сұрыптау жұмыстарын жолға қою, экологиялық талаптарға сәйкестендіру мәселесін де сөз етті.
Сонымен қатар, кәріз су нысандарының қоршаған ортаға теріс әсері, қаланың сол жағалауы және Бәйтерек тұрғын ауданында заңсыз карьер орындарының пайда болуына кеңінен тоқталып, кезек күттірмейтін, шешілуі тиіс негізгі экологиялық проблема екеніне назар аударды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қаладағы қоқыс алаңындағы өрт, кәріз суларының иісі, көгалдандыру-көркейту, тазалық мәселесіне қатысты өзінің пікірлерін білдіріп, маслихат сессиясында қаралуын ұсынды.