Қызылордалық футболшы қыздардың алар асуы алда

2009 жылдан бастап Қазалы ауданында №17 ОРМБЖМ-де футболдан қыздар үйірмесі ашылды. Аз уақыт ішінде қыздар командасы біршама жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 2011 жəне 2013 жылдары командаҚР чемпионаттарында екі рет қола жүлдені иеленсе, 2014 жылы Қазақстан чемпионы атанды.
2016 жылы Оренбург қаласында өткен турнирде күміс, 2017 жылы футзалдан ел чемпионатында 3-орынды еншіледі.
Сонымен қатар өткен жылы Қызылорда қаласында «Қайсар» футбол орталығы жанынан қыздар командасы құрылды. Биыл осы орталықтан екінші топ ашылып, онда 2005-2006, 2007-2009 жылы туған қыздар жаттығады.
Қазалылық қыздар Құндыз Қожахмет, Жансая Көпжанова жəне Сандуғаш Қожахмет ҚР құрамасында өнер көрсетеді. Сондай ақ Құндыз Қожахмет ұлттық құрама сапында да барн салуда.
Айта кетейік, Қазалы командасын Əлішер Қауымбай, Қызылорда командасын Берік Сансызбаев жаттықтырады.



