«ӘЛСЕЙІТ» КӨПІРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
Нақты кезеңде Қазалы ауданында жол жөндеу жұмыстарымен қатар көпір құрылысын салуда да көптен бері шешімін таппаған жобалар іске асуда.
Мәселен, өткен жылы «Әлсейіт» өткеліндегі темірбетон көпірінің құрылысы басталды. Жалпы сметалық құны – 2,7 млрд. теңге. Биыл көпір құрылысын жалғастыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 700 млн. теңге қаралып отыр.
Сондай-ақ, жақында ғана Бозкөл мен Тасарық ауылдарының аралығындағы «Нұрқожа» көпірі пайдалануға берілді.
Енді Қожабақы мен Бекарыстан би ауылдарының аралығындағы «Аяған» көпіріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.