Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қала маңында жүрген арыстан қолға түсті

Қала маңында жүрген арыстан қолға түсті

Kyzylorda-news.kz. Ақтау қаласының маңынан ұсталған арыстанның иесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтау қаласының маңынан арыстан ұстап алғаны хабарланған болатын. 102 пультіне Ақшүкір кентінде емін-еркін жүрген арыстан туралы хабар келіп түскен. Аңды инспекторлар ұстап алды . Осы оқиғаға байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет түсінік берді.
Оның айтуынша 25 маусымда, яғни бүгін сағат таңғы 05.30 шамасында жергілікті халықтан Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының маңында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түскен.
«Маңғыстау облысының Полиция департаменті мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық департаменті жабайы аңды ұстауға шықты. Мамандар арыстанды ұстады. Қазіргі уақытта арыстан «Қошқар Ата» елдімекенінде бақылауда», - деп жазды Сәкен Ділдахмет.
Аңның жасы шамамен 1-1,5 жаста. Арыстан- аталық (еркегі ызақор деп аталады). Африкалық арыстанның бір түрі. Түріне қарағанда үй арыстаны. Адамдардан қорықпайды. «Арыстан СИТЕС конвенциясының (жоғалу қаупінде тұрған, жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы бойынша конвенциясы) тізіміне енгізілген.
«Оның иесін анықтап, құжаттар тексерілгеннен кейін арыстанның жайы ары қарай не болатыны шешіледі», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.
25 маусым 2020 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области