Қызылордада сотталғандарды жұмыспен қамтуға барлық жағдай жасалған
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 түзеу мекемесінде қазіргі таңда кәсіп ашып отырғандар жетерлік. Сотталған азаматтарды өмірге деген көзқарасын өзгерту, жақсарту мақсатында мекемеде жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту арқылы еңбегін ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Өндірістік аймақта бос ғимараттарды сенімгерлік басқаруға беріледі. Нысанды жалға беру 0%-ды құрайды. Жалға алған өндірістік белгіленген орынға ғана коммуналдық жүйеге су, жарық үшін төлем төйлейді. Сондай-ақ, өндіріске күзетші жалдаудың қажеті жоқ. Сотталғандар арасында дайын білікті жұмысшылар жетерлік. Ал, айлық жалақы бойынша мөлшерлеме белгіленген.
Бүгінгі таңда түзеу мекемесінде осы аталған барлық жағдайларды тиімді пайдаланып, мекеменің өндіріс аумағын жалға алып, кәсібін дөңгелетіп отырған 10 жеке және ЖШС сотталғандарды жұмыспен қамтып, кәсібін дөңгелетіп келеді.
Солардың бірі – «Еңбек» РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы мекеменің өндірістік аймағында газаблок, пискоблок, ағаш өңдеу, әк, бетон, дәнекерлеу, тігін, қолөнер цехтары бойынша жұмыстарын атқаруда.
Осы филиалмен бірлескен жеке кәсіпкер «Әділеттің» кірпіш зауытында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап 50 жазасын өтеуші азамат жұмыс жасауда.
Келісім-шарт негізінде қазіргі таңда 40 сотталғанды жұмыспен қамтасыз етіп отырған «Ержас-2013» ЖШС газаблок өнімдерін шығарса, ал, наурыз айында жұмысын бастаған «Ерасыл» ЖК-ның әк цехы 15 сотталғанды жұмыспен қамстып отыр.
Сонымен қатар, «Жан-Жол» ЖШС пискоблок цехын ашып, 30 сотталғанды жұмысқа қабылдады.
«Атап өтерлік жайт, сотталғандардың барлығы еңбек ақыларын уақытылы алуда. ЗК-169/5 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері темір торға тоғытылғандарды жұмыспен кеңінен орнықтыру мақсатында қарқынды жұмыс жасауда. Заңды бұзған сотталғандарды тәрбиелеудің бір әдісі, мұндай адамдарды жаза өтеу жерлерінде қылмысты ортадан шектеуге және босатылудан кейінгі өмірге дайындауға мүмкіндік береді», – дейді аталған түзеу мекемесінің Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы, әділет капитаны А. Абдреймова.