Қызылордада санитарлық талаптарды орындамаған кәсіпкерлерге жаза қолданылады
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімдігі жанынан карантиндік режимді меншік нысанына қарамастан барлық субъектілердің санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын бақылау бойынша 23 мониторингтік топ жұмыс жасауда.
Қала ішінде – 14 болса, кент және ауылдық округтерде – 9 топ тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Құрамында қалалық прокуратура, қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бар.
Жұмысшы топ тарапынан осы кезге дейін қала аумағында орналасқан 4800-ден аса нысан араланды. Оның ішінде, талаптарды орындамаған кейбір нысандар анықталып, яғни карантин кезіндегі санитариялық-дезинфекциялық режим талаптарын орындамаған 4 кәсіп иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Ал оның біреуіне тиісті бұзушылықтарды жойғанға дейін қызметін тоқтату бойынша шешім қабылданды. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.