"Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021": Ақсу елді мекенінің көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді
Kyzylorda-news.kz. Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында Ақсу елдімекенінің көшелерін жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Елдімекен көшелерінің электр желілерінің жұмыстары 1976 жылы жүргізілген, табиғаттың түрлі себеп-салдарынан электр сымдары үзіліп тұрғындардың өміріне кері әсерін тигізуде. Осыған орай қазіргі кезде жоғарыда аталған электр бағандарын ауыстыру қажеттілігі туындаған.
Қазіргі таңда Ақсу елдімекеніндегі Т.Қожағұлов, М.Әуезов, №1 көшелерінің жоба-сметалық құжаттарында көрсетілгендей көше жарық шамдары, темір бетон тіреулері (опора), электр желілері толығымен ауыстырылып, ауыл тұрғындарынан қосымша 2 адам жұмыспен қамтылды.